Қазақстандағы ірі алтын өндірушілердің бірі Solidcore Resources жарты жылдық таза табысын үш есеге жуық қысқартты. Компанияның қаржылық есебі бұл динамиканың негізгі себебі ретінде табыстың құлдырауын көрсетеді.

2024 жылдың қаңтар–шілдесінде Solidcore-дың таза пайдасы 85 млн доллао болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (2023 жылы – 238 млн доллар) 2,8 есе аз.

Компания кірісі де күрт төмендеді: 704 млн доллардан 325 млн долларға жетті, яғни 53,8% қысқарған.

Solidcore-дың жалпы активтері жыл басынан бері 29 млн долларға (1,4%) азайып, 2 млрд доллар деңгейінде қалыптасты. Ал міндеттемелері анағұрлым тез қысқарды – 122 млн долларға (22%), 432 млн долларға дейін түсті.

Компания 2023 жылы Джерси аралынан МФЦА-ға редомициляция жасады. Сол жылы ресейлік активтерін 3,69 млрд долларға сатып, Қазақстандағы жобаларға шоғырланды.

Solidcore-дың негізгі кен орындары – Бақыршық (Абай облысы) және Варваринское, Комаровское (Қостанай облысы). Бұдан бөлек, 2024 жылы компания Сырымбеттегі (Солтүстік Қазақстан) сирекжер-полиметалл кен орнынан 55% үлесті 82,5 млн долларға сатып алды.

Айта кетсек, бұған дейін Ресейден көшіп келген Solidcore компаниясын ресейліктер қайтып сатып алатынын жазған едік. Бұл қадам ресейлік инвесторлардың Қазақстанда қайта тіркелген компаниядағы үлестерін заңды түрде өз иеліктеріне қайтаруға мүмкіндік береді.