- Мемлекеттік кредиттік бюрода - mkb.kz/
- Алғашқы кредиттік бюрода- 1cb.kz
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет сайтында - egov.kz
- халыққа қызмет көрсету орталықтарында.
Сіздің атыңыздан бөтен біреу несие алса
Басқаның кредитін төлеуден қалай қорғануға болады? Азаматтар банктердің өндіріп алу қызметтері немесе коллекторлық агенттіктер олардың қарыздарын төлемегендері үшін мазаламағанға дейін өздерінің борышкерлер екенін білмеуі көп кездесетін жағдай. Осылайша, қарыздарды үшінші тұлғаларға заңсыз ресімдеу соңғы уақытта ерекше маңызды мәселеге айналып отыр.
Сіз алмаған кредиттің Сізге ресімделгенін қалай білуге болады?
Кредиттің сіздің атыңызға заңсыз ресімделу фактін дер кезінде анықтауға кредиттік тарих мүмкіндік береді. Өзіңіздің кредиттік тарихыңызды қадағалап отыру – бұл алаяқтардан «сақтанудың» бірден бір құралы. Кредиттік бюроның дерекқорында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және кредиттік ұйымның барлық қарыз алушылары туралы мәліметтер бар. Яғни, егер сіз өміріңізде бір рет кредит алсаңыз, онда бұл ақпарат, оның ішінде төлем мерзімін өткізу туралы ақпарат осы дерекқорда көрінеді. Сондықтан, кез келген қолжетімді көздерден өзіңіздің кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отыруды ұсынамын: