Банктер шетелдік интернет-сатушыларға жасалған төлемдер туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Бұл туралы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы бұйрығында айтылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне дейін «Smart Data Finance» (ИС «SDF») ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформа арқылы қызмет жүргізетін шетелдік компаниялардың тізімін жариялайды.
Төлем және банк ұйымдары есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейін күнтізбелік тоқсан ішінде шетелдік компаниялардың пайдасына және олардың бөлінісі бойынша жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдарының жиынтық сомалары туралы мәліметті МКК-ға ұсынуға тиіс.
Мәліметтер Мемлекеттік кірістер комитетіне қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады және ұйым басшысы қол қояды.