2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізіледі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, оңайлатылған декларация негізінде АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР (ШФҚ). Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық қана емес, сонымен қатар зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін төлеуін де реттейді.
Қазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтары берілген (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ үшін АСР қолдануға құқылы.
Шаруа қожалығының қызметі АСР-ды қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, шаруа қожалығы үшін таңдалған АСР-ды күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге рұқсат жоқ.
ШФҚ үшін АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі:
- МЗЖ – табыстың 10%
- ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, содан кейін жыл сайын өсіп, 2028 жылы 5%-ға дейін көтеріледі.
ШФҚ үшін АСР-ды қолданатын шаруа және фермер қожалықтары осы салықтық режим қолданылатын қызмет түрлерінен кіріс алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салық есептілігін тапсыруды мынадай салықтық режимдерде жүргізеді:
- қолдану шарттарына сәйкес келсе, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-да;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР, ШФҚ үшін АСР енгізу мыналарға бағытталған:
- зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту есебінен кеңейту;
- Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнес жүргізуді жеңілдету;
- мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.
Бұл инновациялар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және "көлеңкеден" шығу үшін ынталандырулар жасауға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін де зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі белгілі болды. АСР-ды қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) алған табыстарынан өздері төлейді.
Сонымен қатар оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін жеке кәсіпкерлер төлейтін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері хабарланды.