Sensata Construction құрылыс компаниясының жылдық қаржылық есебіне сәйкес, компания 2025 жылы 1,1 млрд теңге шығынға ұшырады. Салыстыру үшін, 2024 жылы 4,3 млрд теңге таза пайда тапқан.
Ал компанияның 2025 жылғы табысы 25,4 млрд теңгені құрады, 2024 жылы бұл көрсеткіш 12,6 млрд теңге болған.
Былтыр компанияның «минусқа» кетуіне тауар мен қызмет құнының 8,3 млрд теңгеден 23,3 млрд теңгеге дейін, яғни 3 есеге жуық қымбаттауы себеп болған.
Ал әкімшілік шығындар тіпті 8 есеге жуық, 409,2 млн теңгеден 3,2 млрд теңгеге дейін жеткен.
Оның үстіне қаржылық кіріс 2024 жылғы 3,9 млрд теңгеден былтыр 51,9 млн теңгеге дейін қысқарды.
2025 жылдың соңында Sensata Construction компаниясы теңдей 50%-дан Тасболат Абдуллин мен Асқар Дүйсенбаевқа тиесілі. 2025 жылы компания құрылтайшыларына 1,1 млрд теңге дивиденд төледі.