«Самұрық-Қазына» қоры 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп берді. Негізгі көрсеткіштер аралас динамика көрсетті: кіріс – 8,48 трлн теңге (+8% ж/ж), жалпы пайда – 1,89 трлн теңге (өзгеріссіз), таза пайда – 1,42 трлн теңге (–17%).
Сарапшылар пікірінше, кірістің өсуіне қарамастан таза пайданың төмендеуі шығындар құрылымындағы қысым мен ірі мәмілелердің қысқа мерзімді әсерін көрсетеді.
Ірі мәмілелер
Есепті кезеңде қор бірқатар активті сатты:
• «Мобайл Телеком-Сервис» – 1,1 млрд долларға,
• «Полимердегі» 60% үлес – 1,188 млрд теңгеге,
• Qazaq Air-дегі 49% үлес – 1,020 млрд теңгеге.
Бұл қадамдар қордың портфелін оңтайландыруға бағытталғанымен, қысқа мерзімде қаржылық нәтижелерге қысым түсірді.