Ресей рублі бір аптаның ішінде шамамен 6,5% арзандады. Бүгінгі саудада доллар бағамына шаққанда рубль тағы да 3,5% әлсіреді. Сарапшылар мұндай девальвацияны алдын ала болжап, көктемгі 20%-дық нығаюды «аномалия» деп атаған болатын.

Halyk Finance сарапшыларының түсіндіруінше, рубльдің құлдырауына бірнеше фактор әсер етті: Ресей Орталық банкінің мөлшерлемені төмендетеді деген күтілімдері; салық кезеңінің аяқталуы; экспорттаушылар үшін валюталық түсімді міндетті сату талабының жойылуы.

Әдетте рубльдегі өзгерістер теңгеге де қысым түсіреді. Экономистердің айтуынша, кросс-курс факторы тағы да іске қосылса, рубльдің әлсіреуі теңгенің де құнсыздануына ықпал етуі мүмкін.