2025 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша өңірлерге республикалық бюджеттен 1,056 трлн теңге көлемінде мақсатты трансферт жіберілді. Оның 1,053 трлн теңгесі игеріліп, орындалу деңгейі 99,7%-ға жетті.
Бағыттар бойынша даму бағдарламаларына – 666,7 млрд теңге (63,1%), іске асып жатқан бағдарламаларға – 351,1 млрд теңге (29,9%), несиелер – 59 млрд теңге (7%) болды.
Қай өңірлер көбірек алды?
Негізгі үлес үш өңірдің еншісінде:
• Астана – 244,1 млрд теңге (23,1%),
• Түркістан облысы – 168,1 млрд теңге (9,3%),
• Алматы облысы – 72,4 млрд теңге (6,9%).
Осы үш өңір жалпы трансферттердің 40%-қа жуығын иеленді.
Игеру сапасы
Алайда қаражатты игеру деңгейі бұл өңірлерде елдік орташа көрсеткіштен төмен:
• Астана – 95,2%,
• Түркістан облысы – 88,5%,
• Алматы облысы – 92,3%.
Ел бойынша орташа игеру – 95,9%.
Мұндай құрылым бюджет қаржыландыруының белгілі бір өңірлерге шоғырланғанын көрсетеді. Дегенмен ұзақмерзімді стратегия тұрғысынан қаражатты теңдей бөлу және өсімі төмен өңірлерге көбірек көңіл бөлу өңірдегі теңсіздікті азайтып, тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.