2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласындағы сыртқы сауда 5,3% өсіп, 19,4 млрд долларды құрады. Экспорт 4,8% өсіп, 9,2 млрд долларға жетсе, импорт 5,8% артып, 10,2 млрд доллар болды.

Экспорттың ең көп үлесі мына салаларға тиесілі: Көлік қызметтері (үлесі 46%) – 4,4% өсіп, 4,2 млрд доллар болды. Сапарлар (24,2%) – 12,9% өсіп, 2,2 млрд долларға жетті. Телекоммуникациялық, компьютерлік және ақпараттық қызметтер (7,8%) – 20,6% өсіп, 729,3 млн долларды құрады. Оның ішінде компьютерлік қызметтер 16,3% (553,3 млн долларға дейін), ал ақпараттық қызметтер экспорты 5,6 есе (65,9 млн долларға дейін) өсті.

Қаржылық қызметтер (6,6%) – 20,4% азайып, 605,4 млн доллар болды. Басқа тараптарға тиесілі материалдық ресурстарды өңдеу қызметтері (+57,1%) мен басқа санаттарға жатпайтын зияткерлік меншікті пайдалану ақысы бойынша экспорттың бірнеше есе өскені байқалады (+3,7 есе).

Импорт құрылымындағы ең ірі көрсеткіштер: Сапарлар (29,9%) – 0,2% баяулап, 3 млрд долларды құрады. Көлік қызметтері (24,7%) – 2,9% өсіп, 2,5 млрд доллар болды. Басқа да іскерлік қызметтер (18,1%) – 12% өсіп, 1,8 млрд долларға жетті. Заң қызметтері (+50%) мен ауыл шаруашылығы және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы қызметтер импорты бойынша бірнеше есе өсім тіркелді (+4,6 есе).

Жалпы алғанда, көлік және сапарлар экспорттың негізі болып қала береді, ал ақпараттық және компьютерлік қызметтер ең жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Бұл ретте, халық табысының баяулауына қарамастан, туристік сапарлар мен іскерлік қызметтер есебінен импорт экспортқа қарағанда жылдамырақ өсіп жатыр.