2027 жылғы республикалық бюджет жобасында Құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге 22,53 млрд теңге қарастырылған.
Құрылтай құрамында 145 депутат екенін ескерсек, бір депутатқа шаққанда бюджет шығыны жылына шамамен 155,3 млн теңге.
Бұл — депутаттың жалақысы ғана емес. Сома Құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге кететін барлық шығындарды қамтиды, оның ішіне жалақыдан бөлек: коммуналдық төлемдер, депутаттардың көмекшілері, кеңсе тауарлары, іссапарлар, депутаттардың тұруына байланысты шығындар және басқа да әкімшілік шығындар кіреді.
Салыстыру үшін, қос палаталы Парламент жұмыс істеген 2026 жылы оның қызметін қамтамасыз етуге 31,96 млрд теңге жоспарланған. Ол кезде Мәжілісте 98, Сенатта 50 депутат болды және екі палатаның жеке әкімшілік аппараттары жұмыс істеді.
Ал жаңа Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге 2027 жылы 1,76 млрд теңге қарастырылған.