2025 жылы фермерлерге құрғақшылық салдарынан 456 млн теңге сақтандыру төлемі беріледі. Бұл өтемақы 391 мың га сақтандырылған егіс алқабының 172 мың гектарын қамтиды.

Ең көп төлем алғандар: Қостанай облысы – 228 млн теңге, Ақтөбе облысы – 114,4 млн теңге, Батыс Қазақстан облысы – 96,2 млн теңге, Ұлытау облысы – 9,4 млн теңге.

Мысалы, БҚО фермерлері бар болғаны 9,2 млн теңге сақтандыру жарнасын төлеп, 10 есе көп өтемақы алды. Ал Ұлытаудағы шаруалар небәрі 670 мың теңге төлеп, 9,4 млн теңге компенсацияға қол жеткізді.

Сақтандыру жүйесінің тиімділігі

Агросақтандыру қауымдастығының дерегінше, 2020 жылдан бері аграрлық секторға 7,5 млрд теңге сақтандыру төлемі жасалған, ал фермерлердің төлеген сақтандыру жарнасы бар болғаны 2,2 млрд теңге болған. Бұл жүйенің тиімділігін айқын көрсетеді.

Сарапшылар атап өткендей, процесс толықтай цифрландырылған: топырақтағы ылғал қоры туралы деректер еуропалық Planet Labs спутниктері арқылы жиналады. Мұндай тәсіл дамыған елдер фермерлерінде де қолданылады.

Қамтылмаған өңірлер

Алайда бір үлкен мәселе бар: оңтүстік өңірлерде (Алматы, Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Қызылорда) және Маңғыстауда құрғақшылықтан 1,6 млн гектар жер зардап шеккенімен, өтемақы төленбеді. Себебі бұл жерлер сақтандырылмаған.