- Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей, мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Қоғамдық талқылау: Жер телімін беру тәртібі өзгереді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
Құжат электронды үкімет порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Заң жобасы сауда-саттық жүргізу арқылы, оның ішінде электрондық түрде тікелей беру және беру жолымен жер учаскелерін берудің жаңа тәртібін көздейді.
Жаңа заң жобасында жер учаскелеріне құқық беру бойынша бірыңғай тәсіл әзірленді, ол кодекс нормаларын әртүрлі түсіндіруді жоққа шығарады.
Кодекстің қолданыстағы нормасы бойынша жер учаскелеріне құқық беру (43, 43-1, 44, 44-1, 45, 46, 47, 48 баптарымен) сұралып отырған нысаналы мақсатына байланысты, бұл құқық қолдану практикасы кезінде проблемалар туғызады.
Осыған байланысты, осы рәсімді реттеу және жерді беру тетігін оңайлату үшін жер учаскелерін берудің екі тәсілін белгілеу ұсынылады, бұл ретте Кодекстің 43-1, 44, 44-1, 45, 46-баптарын қоспағанда:
1) көбінесе сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) Кодекстің 48-бабы;
2) тізбесі көрсетілген баптарда (мемлекеттік жер пайдаланушыларға, инвестициялық жобалар үшін, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және тағы басқа) көзделген ерекше жағдайларда сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей Кодекстің 43-бабы.
Бұл ретте, жерді беру нормалары өзге баптарға сілтемелерді қоспағанда, нақты, дәйекті және түсінікті тәртіпке жүйеленетін болады, бұл оларды дұрыс емес түсіндіру мүмкіндігін және құқық қолдану практикасында қиындықтарды болдырмайды.
Неғұрлым нақты, регламенттелген тәртіп осы мәселенің ашықтығын қамтамасыз етеді және жер учаскелерін алуды жеңілдетеді, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттардың алдын алады, оларды экономикалық айналымға тартуға ықпал ететін болады.
Заң жобасының ұсынылып отырған жаңалықтары Халыққа қызмет көрсетуде оң нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
Жер қатынастары саласындағы бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық алғышарттарын алып тастау, ресімдеу процестерін электрондық түрге көшіру, жер учаскесін алу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Осы электрондық беру жүйесін енгізу қорытындысы бойынша біз келесі нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз:
- жер учаскелерін беру рәсімін біріздендіру;
- ақпараттық жүйе арқылы өтінімдерді орындау мерзімі мен барысын бақылау;
- қағазсыз қызмет көрсету;
- жер комиссияларын алып тастау;
- мемлекеттік органдармен және монополистермен келісу рәсімін электрондық форматқа ауыстыру;
- жер учаскелерін беру туралы шешім шығару рәсімін автоматтандыру.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін және әзірленген ұсыныстарды заңнамалық реттеу мақсатында мынадай заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне (бұдан әрі – Жер кодексі) мынадай бағыттар бойынша::
Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізбей жер учаскесін беру мәселесі бойынша Кодекстің 43-бабы.