«ҚазМұнайГаз» AIX биржасының сайтында 10 млрд юаньға (шамамен 1,38 млрд доллар) арналған облигациялық бағдарламаны жариялады. Бағалы қағаздар Гонконг қор биржасында (HKEX) және AIX алаңында қосарланған листинг арқылы орналастырылмақ.

Бағдарламаның ұйымдастырушылары — BOC International, Bank of China (HK), CITIC Bank International, CICC және Citigroup, ал қазақстандық менеджер ретінде SkyBridge Invest компаниясы қатысады.

Тартылған қаражат «ҚазМұнайГаздың» жалпы корпоративтік мақсаттарына және қарыздарын қайта қаржыландыруға бағытталады.

Айта кетсек, Қазақстан даму банкі алғаш рет Қытай юанінде еурооблигация орналастырған еді. Бұл қадам Орталық Азиядағы алғашқы тәжірибе болды.