«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2025 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелерін жариялады.
Комапания дерегінше, 2024 жылғы тоғыз аймен салыстырғанда 2025 жылғы тоғыз айдағы негізгі өндірістік көрсеткіштер мынадай болды: мұнай және газ конденсатын өндіру 10,0% артып, 19 843 мың тоннаны құрайды; мұнай тасымалдау 1,1% төмендеп, 62 503 мың тонна болды; Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 11,7% ұлғайып, 15 770 мың тоннаны құрады.
Көмірсутек шикізатын өндіру
ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2025 жылғы тоғыз айда 19 843 мың тоннаны (тәулігіне 553 мың баррель) құрады, бұл 2024 жылғы тоғыз айдағы деңгейден 10,0%-ға жоғары. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 20,1%, яғни 8 652 млн м³ дейін ұлғайды.
Операциялық активтердегі өндіру
2025 жылдың тоғыз айында Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз бен Маңғыстаумұнайгазда мұнай өндіру өткен кезеңнің нәтижелерімен шамалас деңгейде. Бұл ретте есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Ембімұнайгазда газ өндіру 10,5% өскені байқалады. Бұл көрсеткіштің өсуі газ факторы жоғары ұңғымалардың пайдалануға берілуімен байланысты болды.
Мегажобалардағы өндіру
Теңіз кен орнында мұнай мен газ конденсатын өндіру 41,8% артып, 6 093 мың тоннаны (тәулігіне 179 мың баррель) құрады. Ілеспе газ өндіру 49,5% артып, 3 499 млн м3 құрады. Өсу Болашақ кеңейту жобасы аясында үшінші буын зауытында өндірістің басталуына байланысты болды (2025 жылғы қаңтар).
Қашағанда өндірілген мұнайдағы газ факторының жоғарылауына байланысты мұнай мен газ конденсатын өндіру 2 259 мың тоннаны (тәулігіне 66 мың барр.) құрап, 2,0% төмендегенін көрсетті. Газ өндіру 1 479 млн м3 құрады, мұны өткен кезеңдегі нәтижелерімен салыстыруға болады.
Қарашығанақта мұнай және газ конденсатын өндіру 3,2% артып, 823 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың барр.) құрады. Өсім Қарашығанақтың өндірістік қондырғыларында шикі газды қабатқа кері айдау көлемдерінің ұлғаюымен байланысты. Бұл ретте қабатқа кері айдауға дейін газ өндіру 10,8% өсіп, 1 888 млн м3 құрады.
Көмірсутек шикізатын тасымалдау
Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 1,1%, 62 503 мың тоннаға дейін азайды.
Мұнайды магистралды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 2,8% ұлғайып, 54 246 мың тоннаға жетті. Негізгі өсім Теңіз кен орнында Болашақ кеңейту жобасын іске асыру есебінен КҚК жүйесі бойынша Теңіз мұнайын тасымалдау көлемдерінің ұлғаюына, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары бағытында ішкі нарыққа жеткізу көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 20,7% азайып, 8 257 мың тоннаны құрады, бұл Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырындағы технологиялық шектеулерге байланысты Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай жеткізуді уақытша тоқтатылуы, сондай-ақ «Тараз» және «Лива» танкерлеріне инертті газ жүйесін орнату үшін олардың жоспарлы жаңғыртуға шығарылуы себеп болды.
Ашық теңіздерде тасымалдау көлемінің азаюы 2025 жылғы наурыздан бастап Каспий құбыр консорциумы тарапынан Афрамакс үлгісіндегі танкерлерге партиялар санын бөлу жоспарын қайта қарауымен байланысты болды.
Жүк айналымы
Мұнайдың жүк айналымы 6,8% өсіп, 49 559 мың тоннаны құрады, бұл өсім КҚК жүйесі бойынша экспорт көлемдерінің және мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнайды ішкі тасымалдау көлемінің өсуімен байланысты.
Көмірсутек шикізатын сату
ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 8,6% артып, 19 922 мың тоннаны құрады, оның 66,6%-ы экспортқа жөнелтілді. Өткізу көлемінің артуы Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын іске асыру есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты.
Ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне сұранысын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын жеткізу 6 661 мың тоннаны құрады.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,7% өсіп, 15 770 мың тоннаны құрады: Қазақстандық МӨЗ-де өңдеу көлемі 3,7%, яғни 11 159 мың тоннаға дейін өсті. Өсім негізінен өткен жылдың ұқсас кезеңінде жоспарлы жөндеуден өткен ПҚОП-тың 2025 жылғы үздіксіз жұмысына байланысты. Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 37,1%-ға ұлғайып, 4 611 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің едәуір өсуі жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілген және жеңіл гидрокрекинг қондырғысының іске кеш қосылуы тіркелген 2024 жылдың 9 айынан айырмашылығы – есепті кезеңде «Петромидия» МӨЗ-дің тұрақты операциялық қызметімен түсіндіріледі.
Мұнай өнімдерін шығару
Қазақстан және Румынияның зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 13,5% ұлғайып, 14 808 мың тоннаны құрады: Қазақстандық МӨЗ мұнай өнімдерін өндіруді 5,5%, яғни 10 278 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі ұлғайып: бензин мен дизель отынын өндіру тиісінше 9,0% және 16,3% өсті. Бұл өсімге өндірістік процестерді оңтайландыру және басқа да мұнай өнімдерін (мазут, вакуумдық газойл және т.б.) шығаруды 9,3%-ға төмендету есебінен қол жеткізілді. KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 37,1% артық мұнай өнімдерін өндіріп, 4 530 мың тоннаны құрады, бұл зауыттарда өңдеу көлемінің қалпына келуіне байланысты болды.
Қазақстанда өндірілген ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу көлемі 13,6% ұлғайып, 4 515 мың тоннаны құрады. Өсім ішкі нарықта жеңіл мұнай өнімдерін өндіру мен сатудың ұлғаюымен қамтамасыз етілді: бензин мен дизель отынын сату тиісінше 18,4% және 34,9% өсті.
KPI зауытында полипропилен өндіру 68,4%-ға, яғни 135,0 мың тоннаға дейін өсті. Көлемнің ұлғаюы зауыттың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зауыттың тұрақты жұмысымен байланысты.
Полипропиленді сатудың жалпы көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,7% өсіп, 128,6 мың тоннаны құрады: Полипропиленді ішкі нарыққа өткізу көлемі 84,8% ұлғайып, 13,7 мың тоннаны құрады. Полипропиленді экспортқа өткізу көлемі 51,7% ұлғайып, 114,9 мың тоннаны құрады, жеткізілімдер негізінен Еуропа елдері мен Түркия бағытына қарай ұлғайды.