«Қазақтелеком» тобы 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда таза пайдасын үш есе арттырып, 153,8 млрд теңгеге жеткізді.
Салық салынғанға дейінгі пайда 3,7 есе өсіп, 64,9 млрд теңгені құрады, ал операциялық пайда 1,8 есе өсіп, 78,5 млрд теңгеге жетті. Жалпы пайда 27% артып, 101,9 млрд теңгені құрады.
Компанияның кірісі 14,2% өсіп, 409,6 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар активтер жыл басынан бері 18% қысқарып, 1,34 трлн теңгені құрады.