Қазақстанда Үндістанның тракторлары құрастырылатын болды

Қазақстанда Үндістанның тракторлары құрастырылатын болды

Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес-форумы нақты нәтижелермен қорытындыланды. Форум барысында жалпы құны 122млн АҚШ долларын құрайтын екі негіздемелік келісімге қол қойылды.

Солардың бірі Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру мен өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіруге бағытталған. Келісім «SPBKM» ЖШС мен International Tractors Limited компаниясы арасында жасалды. Жоба аясында тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, құрастыру, өндірісті жергіліктендіру, тарату және кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселелері қамтылады. Келісімнің құны – 120 млн АҚШ доллары.

Тағы бір келісім «SP BKM» ЖШС мен Big Bang Boom Solutions Private Limited компаниясы арасында қорғаныс технологиялары, ішкі қауіпсіздік және қосарлы мақсаттағы шешімдер саласында жасалды. Тараптар Қазақстанда өзара тиімді жобаларды бірлесіп анықтап, бағалап, іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.