Xiaomi компаниясы тұтынушылық электроника және «ақылды» өндіріс саласында өзінің mi.com/kz онлайн сауда платформасы — тұтынушыларға арналған Xiaomi басқаратын тікелей сауда платформасының ашылғанын жариялайды.
Ресми ашылуы 15 қаңтарда өтеді. 9 қаңтардан бастап сайтқа тіркелген әр жаңа пайдаланушы тапсырыс беру кезінде қолдана алатын купондар беріледі.
Дүкен ыңғайлы және заманауи онлайн платформаны ұсынады, клиенттер Xiaomi-дің ең жаңа өнімдерімен танысып, ерекшеліктерін зерттеп, ең соңғы технологияларды сатып ала алады. mi.com/kz және Xiaomi ресми дүкені арқылы тікелей сатып алу бірқатар артықшылықтар береді, оның ішінде тауардың кепілдендірілген сапасы мен түпнұсқалығы. Бұдан басқа дүкен саясатында сипатталған шарттармен қайтару және айырбастау қарастырылған, бұл сатып алу процесін одан да жайлы етеді. Сонымен қатар сайт сатып алушыларына қолдау көрсетіледі, кепілдік беріледі және сатып алғаннан кейін де қызмет көрсетуді жалғастырады.
«Қазақстанда mi.com іске қосу — бұл Xiaomi Қазақстан үшін маңызды қадам. Біз озық өнімдерімізді осы өңірдегі сатып алушыларға жақын етуге және олардың сатып алуына барынша қолайлы жағдай жасауға қуаныштымыз», — деп атап өтті Xiaomi Қазақстан бас директоры Чжан Хао.
«Бұл дүкен — Xiaomi компаниясының инновацияларға деген ұмтылысы мен клиенттердің қанағаттанушылығының дәлелі. Біз сатып алушылармен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтер саласындағы ең жақсы шешімдерді ұсынуды асыға күтеміз», — деп қосты Xiaomi компаниясының Ресей мен ТМД бойынша басшысы Макс Ма.
Жаңа онлайн платформаны іске қосумен қатар Xiaomi жақында интернеттегі сатылымдарды қолдау мақсатында өзінің қызмет көрсету желісін күшейтті. Ол жөндеу, айырбастау және қайтару секілді қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Онда заманауи құрал-жабдықтар, тәжірибесі мол білікті мамандар жұмыс істейді.
Қосымша ақпарат алу үшін mi.com/kz сайтына кіріңіз немесе 8 (800) 100-30-00 нөмірі бойынша қолдау қызметіне қоңырау шалыңыз.