Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасы практикалық кезеңге өтті. Владивостокта өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында АЭС-ті жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.
Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен Росатом құрамындағы «Атомстройэкспорт» АҚ қол қойды.
Келісімге қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.
Келісімшарт Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасының нақты іске асыру кезеңіне өткенін білдіреді.
2026 жылғы 28 мамырдағы үкіметаралық келісімге сәйкес, енді тараптар қажетті рәсімдерді жүргізіп, оның ішінде Қазақстан Үкіметімен келісулерден өтуі тиіс.