Дүниежүзілік банк пен ХВҚ-ның жыл сайынғы сессияларына қатысу шеңберінде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Нью-Йорк қор биржасына (New York Stock Exchange, NYSE) барды.
Биржаның қызметі мен негізгі бағыты туралы NYSE стратегиялық операциялар және корпоративтік қатынастар департаментінің басшысы Уилл Гудвин айтып берді.
NYSE өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру мүмкіндігіне, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен ірі ұлттық компаниялардың биржаға шығу перспективасына байланысты барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, сауда-саттықты ұйымдастыру және эмитенттермен өзара әрекеттесу саласындағы тәжірибесін бөлісті.
Сапар соңында делегация сауда залының жұмысымен және биржаның жұмыс істеу тетігімен танысты.