Қазақстан өзін толық қамтамасыз етіп отырған негізгі азық-түліктердің саны – сегіз ғана. DataHub аналитиктерінің есебінше, 18 негізгі өнімнің жартысына жуығында қамтамасыз ету деңгейі 90%-дан төмен.
Импортқа тәуелді өнімдер
2025 жылдың алғашқы жартысында төмен көрсеткіштер мына тауарлар бойынша тіркелді:
• қант – 31%
• ірімшік пен сүзбе – 53%
• құс еті – 75%
• макарон – 77%
• сары май – 85%
• күнбағыс майы – 85%
• шошқа еті – 87%
• күріш – 87%
Ал өз өндірісі тұтынуды толық жабатын өнімдер қатарына қой еті, бидай наны, ұн, сиыр еті, қымыздық, жұмыртқа мен қоңыр қарақұмық кіреді.
Импорт үлесі
Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, кейінгі бес жылда қазақстандық тұтынудағы импорт үлесі 21–25% аралығында сақталып отыр. Импорттың негізгі бөлігі Ресейден келеді – 2024–2025 жылдары үлесі 46%.
Бұл ішкі нарықтағы бағаны рубль бағамының құбылуына және Ресей нарығындағы жағдайға тәуелді етеді. Сарапшылар әсіресе қант, сүт өнімдері мен кондитерлік тауарларды ең осал сегмент деп санайды.