Қазақ кәсіпкерлер шетел экономикасына ақша құйып жатыр

Есесіне жыл басынан бері Қазақстанға салынған инвестиция былтырғымен салыстырғанда 1,8 пайыз азайып кетті, деп хабарлайды LS. Қазақстаннан шетел экономикасына салынған инвестиция көлемі бір жылда 73% артып, $191 млн-нан $331 млн-ға жетті, деп хабарлайды LS. Ұлттық банк мәліметінше, салалар бойынша қазақ кәсіпкерлер шетелде қаржы және сақтандыру саласына – $220,5 млн (бір жылда +257,3%) ең көп қаржы құйған. Одан кейінгі орында үй шаруашылықтары қызметі $26,4 млн (-29,8%). Үшінші орында көлік және қоймалау – $20 млн (-27,5%). Шетелдің өңдеу саласына салынған қазақстандық қаражат көлемі $15,3 млн, жылжымайтын мүлікпен операция саласы $14 млн және құрылыс $13,7 млн. Ал электрмен жабдықтау, білім беру және денсаулық сақтау саласына тиісінше $100 мың доллардан.