Қазақтелекомның табысы өсіп, пайдасы 12 есе артты

Қазақтелекомның табысы өсіп, пайдасы 12 есе артты

2025 жылдың II тоқсанында Қазақтелеком табысын айтарлықтай ұлғайтты. Компанияның консолидирленген табысы 140,6 млрд теңгеге жетіп, бір жылда +15,6% өсті. Ал шығын 107,8 млрд теңге болды (+14,3%).

Компанияның таза пайдасы рекордтық көрсеткішке жетті – 27,6 млрд теңге, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 есе артық. Акцияға шаққандағы пайда 128 теңгеден 2 363 теңгеге дейін көтерілді.

Kcell рөлі

Қазақтелекомның қаржылық көрсеткіштерінің басты драйвері болып отырғаны – Kcell. Дәл осы оператордың қызметінен түскен кіріс компанияның жалпы өсімін қамтамасыз етті.

Сегменттер бойынша табысқа тоқталсақ, деректерді беру қызметі – 70,8 млрд тг (+17,9%), сымды және сымсыз байланыс – 26,2 млрд тг (+2,9%), құрылғылар сату – 9,6 млрд тг (–8,2%), Желіаралық қызметтер – 5,3 млрд тг (–11,1%), басқа табыс – 24,8 млрд тг (+39,3%) болды.

Осылайша, негізгі өсім интернет пен деректерді беру қызметінен келген, ал құрылғы сатылымы мен желікралық қызметтер көрсеткіші төмендеген.

Халықаралық бағалау

S&P Global Ratings Қазақтелккомның ұлттық рейтингін «kzAA-» деңгейіне көтеріп, болжамын «тұрақты» деп бекітті. Сарапшылардың айтуынша, компания нарықтағы көшбасшылығын сақтап, органикалық табысты жылына 10%+ өсіре алады.