Ішкі істер министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі автокөлікке қатысты мәмілелер кезінде сатып алушының атына тіркелгенге дейін ақша бұғатталатын механизмді тексеріп жатыр. Осындай механизмді жылжымайтын мүлік мәмілелеріне де енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Үкіметте қаржы саласына цифрлық теңгені енгізу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Цифрлық теңгені енгізудің бағыттарының бірі – «Қауіпсіз мәміле» жобасы. Оны пилоттық режимде 2026 жылдың сәуірінде іске қосу жоспарланған.

«Қауіпсіз мәміле» жобасы: ІІМ мен ЖИЦД министрлігі автомобиль үшін ақша қайта тіркелгенге дейін бұғатталатын механизмді сынақтан өткізуде. Іске қосу – 2026 жылғы сәуір. Дәл осындай механизмді жылжымайтын мүлік мәмілелері үшін қолдану жоспарлануда», – делінген үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар қазіргі уақытта пилоттық режимде іске қосу үшін келесі жобалар пысықталуда:

 Цифрлық ҚҚС: ЭШФ жүйесінің цифрлық теңге платформасымен интеграциясы жүргізілуде. Пилотты кеңейту 2025 жылдың соңына дейін орындалады.

– Қымбат медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде және ірі өнеркәсіптік нысандарды салуда цифрлық теңгені қолдану.

«Дамуға» өтінім беру кезінде ШОБ несиені пайдалану мақсаттарын көрсетіп отырғаны атап өтілді. Бұл бағдарламаланатын параметрлерді алдын ала қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жақын арада 2026 жылғы пилот үшін алғашқы жоба анықталады», – делінген хабарламада.

Отырыс қорытындысы бойынша Қаржы министрлігі жыл соңына дейін Ұлттық банкпен бірлесіп, қазынашылық жүйелерін цифрлық теңге платформасымен интеграциялаудың нысаналы моделін әзірлейді деп шешілді. Көлік министрлігінің алдына жолдарды орташа жөндеудің жаңа жобаларында цифрлық теңгені кеңейтудің жол картасын әзірлеу міндеті қойылды. «Самұрық-Қазына», Оқу-ағарту министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық теңгені пайдалана отырып, сатып алу үшін жобалардың тізбесін айқындауы тиіс.