Solva МҚҰ-ның банкке айналу (трансформациялану) туралы өтінімі несие қоржынының сапасына және провизия деңгейіне қатысты сұрақтарға байланысты қабылданбады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов түсіндірді.

Осы МҚҰ-ның СЕО-сы Әділ Мұхамеджанов жақында ғана банктер туралы жаңа заң бекітілгеннен кейін ұйымның құжаттар пакетін тағы да өткізетінін айтқан еді.

2024 жылы реттеуші Solva-ның өтінімдерін бірнеше рет кері қайтарған болатын, ал ұйым өкілдері өз кезегінде Агенттікті құжаттарды қарау мерзімін әдейі созып отыр деп айыптаған еді.

Айта кетсек, бір жыл бұрын да Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлауынша, Solva микроқаржы ұйымына банкке айналуға рұқсат бермеді

«OnlineKazFinance» МҚҰ (Solva бренді) бір жылда банк болуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Бұл туралы компанияның 2023 жылға арналған аудиторлық есебінде айтылды.