Qarmet Астана биржасында 500 млн доллар қарыз іздейді

Qarmet Астана биржасында 500 млн доллар қарыз іздейді

Қазақстандық Qarmet компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында (AIX) ірі қарыздық құралын орналастырды.

Компания жалпы құны 500 млн доллар болатын облигация шығарды. Әр қағаздың номиналы – 100 доллар. Купондық мөлшерлеме: жылына 11%. Төлем жиілігі: жарты жыл сайын. Айналым мерзімі: 1 сәуір 2032 жылға дейін. Сауда басталған күн: 15 қыркүйек 2025 жыл. 

Барлығы 5 млн облигация шығарылып, толықтай саудаға жіберілді.