Қазақстандағы жылдық инфляция 2025 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша 12,4%-ды құрады, ал қарашадағы (бір айлық) инфляция – 0,8% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылған.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 13,4% өсті (қазанда – 13,5%), ақылы қызметтер 12,3% (қазанда – 12,9%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,2 %(қазанда – 11%) қымбаттады.

Жылдық инфляция деңгейіне ең көп үлес қосқандар: азық-түлік және алкогольсіз сусындар (5,2 пайыздық тармақ), денсаулық сақтау (1,5 пайыздық тармақ) және тұрғын үй қызметтері (1,2 пайыздық тармақ). Бір ай ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%, ақылы қызметтер 0,3% өсті. 

Айта кетсек, базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін инфляция төмендедіЖылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қазанда 12,6% құрады. Ал қыркүйек айында  инфляция 12,6% болды