«Қайсар» футбол клубы жеке басқаруға берілді. Бұл туралы ақпарат клубтың ресми парақшасында пайда болды.

Президент тапсырмасына сәйкес, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.

«Алдағы уақытта «Қайсар» футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек екенін айтқан еді. Сонымен қатар Премьер-министр сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық футболды дамытуға бюджеттен 34,9 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Соның ішінде 31,8 млрд теңге – Премьер-лига және Бірінші лига клубтарын қолдауға, 3,1 млрд теңге – балалар және бұқаралық футболды дамытуға бағытталған.