Өткен маусымда Қазақстандағы Яндекс Плюс жазылушыларының әрбір үшіншісі «Қайрат» матчтарын Кинопоиск арқылы тамашалаған.

Клуб пен онлайн-кинотеатр арасындағы серіктестіктің екінші кезеңінде бірлескен жобаларды кеңейтуге және жанкүйерлер үшін цифрлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануға басымдық беріледі. Тараптар медиажобалар желісін дамытуға, клубтық контенттің жаңа форматтарын іске қосуға, Yandex Qazaqstan сервистерімен интеграцияны күшейтуге, жанкүйерлерге арналған арнайы ұсыныстар мен белсенділіктер санын арттыруға, сондай-ақ клуб экожүйесін технологиялық тұрғыда жетілдіруді жалғастыруға ниетті.

Өткен маусым қорытындысы бойынша Қазақстандағы 2 миллион Яндекс Плюс жазылушысының үштен бірі «Қайрат» ойындарын Кинопоисктен көрген. Ал клубтың Чемпиондар лигасындағы мадридтік «Реалға» қарсы алғашқы өз алаңындағы матчі ең айтулы спорттық оқиғалардың біріне айналды, елдегі онлайн-кинотеатрды көретін әрбір екінші Яндекс Плюс жазылушысы бұл трансляцияны тамашалаған.

Серіктестіктің алғашқы жылында онлайн-кинотеатрдың «Спорт» бөлімінде «Қайрат» ФК-ға арналған арнайы витрина іске қосылды. Онда матч жазбалары, шолулар мен клуб туралы эксклюзив контент жинақталған. Сондай-ақ Кинопоиск қолдауымен түсірілген «Қайрат» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде клуб президенті Қайрат Боранбаев Қазақстанда футбол клубын басқару және жас ойыншыларды халықаралық деңгейге шығару жайында әңгімелейді.

Қазақстанның қазіргі чемпионы жанкүйерлері Кинопоиск арқылы Қазақстан Премьер-лигасы мен Суперкубок матчтарының тікелей трансляцияларын, клубтың эксклюзив материалдарын көре алды. Сонымен қатар елдегі стадионда өткен серіктестік шараларға және матч күндеріндегі түрлі белсенділіктерге қатысу мүмкіндігі берілді.

Алматының Орталық стадионында өткен концерттік перформанстар да ерекше оқиғаға айналды. Яндекс Музыка стриминг сервисінің қолдауымен әнші Yenlik «Қайрат» – «Ақтөбе» матчі кезінде Bipl атты дебюттік альбомындағы тректерін орындады. Арнайы перформанс үшін треклист бейнеленген лимиттелген футболкалар шығарылып, ән мәтіндері стадионның LED-экрандарына караоке форматында шығарылды. Осылайша футбол матчы ауқымды шоуға ұласты.

Сол кездесуде AI-ассистент Алиса алғаш рет виртуалды жүргізуші рөлін атқарды: ол көрермендерді қазақ және орыс тілдерінде қарсы алып, негізгі құрамды жариялап, матч барысындағы маңызды сәттерді атап өтіп, финалдық ысқырықтан кейін қорытынды жасады.