Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 40 қызмет түрі бойынша арнайы салық режимін қолдануға рұқсат берілді.

Тізімге такси қызметтері, тамақ жеткізу, желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда жасау, ағаш ұсталығы, ағаш шеберлігі жұмыстары, компьютерлер мен тұрмыстық техниканы жөндеу, тұрғын үйді жалға беру, фотоқызметтер, ветеринария, тұрғын үйлерді тазалау, шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері және басқа да қызмет түрлері кірді.

Толық тізім 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 Үкімет қаулысында берілген. Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі бекітілгені хабарланған еді. Осылайша барлығы 44 негізгі санат пен 185 нақты қызмет түрі (ЭҚЖЖ бойынша) оңайлатылған салық режимінен шығарылған болатын.