2025 жылы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 447,3 млн шаршы метрді құрады. Оның ішінде қалалық жерлерде – 297,9 млн шаршы метр, ауылдық жерлерде – 149,3 млн шаршы метр. 2024 жылмен салыстырғанда тұрғын үй қорының алаңы 13 млн шаршы метрге ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2025 жылы тұрғын үйлердің жалпы саны 2,6 млн құрады. Оның 2,3 млн жер үйлер болса, 299,6 мыңы – көппәтерлі тұрғын үйлер (6,2 млн пәтер).
Тұрғын үй Түркістан және Алматы облыстарында ең көп – тиісінше 339,5 мың және 294 мың .
2025 жылы бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші 25,1 шаршы метрді құрады. Оның ішінде қалалық жерлерде — 27,4 шаршы метр; ауылдық жерлерде — 21,3 шаршы метр.
Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,6 шаршы метрге өскен.
Тұрғын үй қорының инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіштері: Сумен жабдықтау жүйесіне қосылғандар — 98%; Орталық жылыту жүйесіне қосылғандар — 46%; Газбен қамтылғандар (сұйытылған және табиғи газды қоса алғанда) — 85%.