Қазақстанда 2026 жылдың II тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректері хабарлайды.
I тоқсанмен салыстырғанда жалақы 5,4%, ал жылдық мәнде 8,4% өскен.
Инфляцияны ескергендегі нақты жалақы I тоқсанмен салыстырғанда 3% артқан, алайда 2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 1,8% төмендеген.
Ал медиан жалақы 348 415 теңгені құрады. Яғни, жұмысшылардың жартысы осы сомадан жоғары, ал қалған жартысы төмен жалақы алады.