InvestMap жобасы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің экономикалық, мәдени және инфрақұрылымдық ерекшеліктері капиталды басқару тәсілдерін қалыптастыруға және инвестициялық стратегияларды таңдауға қалай әсер ететінін көрсетеді. Негізгі мақсат — инвестициялар абстрактілі ұғым емес, өңірлік контекстке және қазақстандықтардың өмірлік шындығына бейімделе алатын қолданбалы құрал екенін көрсету.
Бұл шығарылымда Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тән ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, жылжымайтын мүлік және туризм салалары негізінде орнықты инвестициялық стратегия құру мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл бағыттарды таңдау олардың өңір тұрғындарының күнделікті экономикалық қызметіне жақындығына байланысты, бұл жағдай инвестицияларды табиғи түрде қабылдауға ықпал етіп, таныс және түсінікті салаларға бейімделген инвестициялық құралдарды пайдалануға қызығушылықты арттырады.

Өңірдің ерекшеліктері
Қазақстанның оңтүстік өңірі дәстүрлі түрде жоғары іскерлік белсенділікпен, халықтың еңбекқорлығымен және айқын кәсіпкерлік бастамасымен сипатталады. Бұл — Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Түркістан сияқты негізгі қалаларды қамтитын еліміздің ең тығыз қоныстанған макроөңірі. Демографиялық өсу қарқыны орташа республикалық көрсеткіштерден тұрақты түрде асып түседі.
Инвестициялық тұрғыдан алғанда, бұл баспанаға, тұтыну тауарларына, көрсетілетін қызметтерге және технологиялық шешімдерге, әсіресе халық саны миллионды құрайтын қалаларда және оған жақын агломерацияларда орнықты да, өсіп жатқан сұранысты қалыптастырады.
Негізгі салалар
Оңтүстік Қазақстан аграрлық салада және сауда-сервистік қызметте айқын маманданған көп салалы өңір.
- Ауыл шаруашылығы өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда жеміс-жидек, көкөністер, бақша дақылдары мен мақта өндірісі белсенді дамыған. Жылыжай шаруашылығы, сондай-ақ мал шаруашылығы кең таралған.
- Өңдеу өнеркәсібін негізінен тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұсынған. Май өнімдерін өндіру және ұн тарту секторы ерекше рөл атқарады.
- Сауда және қызмет көрсету саласы, әсіресе жеке бизнес пен шағын және орта кәсіпорындардың жоғары шоғырлануы байқалатын Шымкент және Алматы сияқты қалаларда жоғары белсенділікті көрсетеді.
- Құрылыс секторы урбандалу мен халық санының өсуіне байланысты баспана мен коммерциялық жылжымайтын мүлікке жоғары сұраныс аясында тұрақты дамып келеді.
- Туризм мен рухани-мәдени сектор да маңызды орын алады. Түркістан қаласы Орталық Азиядағы діни қажылықтың ірі орталықтарының бірі және мемлекет туристік және мәдени хаб ретінде белсенді түрде ілгерілеуде.
Инвестордың менталитеті
Оңтүстік Қазақстан халқының мәдени көзқарастары мен әлеуметтік бағдарлары көбінесе инвестициялық мінез-құлықтың тән белгілерін анықтайды:
- Отбасылық құндылықтар негізгі рөл атқарады. Қаржылық шешімдер көбінесе отбасының мүдделері мен аға туыстарының пікірлерін ескере отырып қабылданады, бұл жағдай инвестициялау стратегиясын ұжымдық және салмақты етеді.
- Өңір айқын кәсіпкерлік белсенділікпен сипатталады. Оңтүстік Қазақстан тұрғындары дәстүрлі түрде бастамашылық танытып, өз бетінше дамуға дайын. Бұл орташа тәуекелдерге дайындықты қоса алғанда, капиталдың айтарлықтай өсуіне қол жеткізуге бағытталған инвестициялық стратегияларға ұмтылудан көрінеді.
- Инвестициялық құралдарға деген қызығушылық шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы арқылы артады. Іскерлік қоғамдастық өкілдері инвестицияларды кірістерді әртараптандыру және ұзақ мерзімді өсу тәсілі ретінде қарастырады.
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан консервативті және тәуекелді инвестициялық стратегиялар үшін қызығушылық тудырады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру кезінде өңірдің экономикалық көрсеткіштерін ғана емес, сондай-ақ оның тұрғындарының мәдени мінез-құлық ерекшеліктерін де ескеру қажет.
Инвестициялық стратегияның мысалы

Түсіндірме: REIT (Real Estate Investment Trust) – жылжымайтын мүлікке арналған инвестициялық қорлар
Қазақстанның оңтүстік өңірінде инвестор бағалы қағаздарға инвестиция құю үшін түрлі мақсаттар қоя алады. Осындай мақсаттардың бірі өз кәсібін ашу үшін бастапқы капиталды жинақтау болуы мүмкін, бұл жағдай шағын кәсіпкерлік кірісті арттырудың танымал тәсілі болып қала беретін өңірге қатысты болып отыр. Оңтүстік өңірде шағын кәсіп ашу үшін қызмет саласына және жобаның ауқымына байланысты орта есеппен 1-ден 5 млн теңгеге дейін қаражат қажет.
Бұл портфель Америка экономикасының өсуінің төрт негізгі бағыты бойынша теңдестірілген. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу сегментінде агротехнология және азық-түлік жеткізілімінде көшбасшы саналатын ADM, Bunge және Corteva сияқты компаниялар бар. Қаржы-технологиялық блокқа Upstart, SoFi және Bill Holdings кіреді, олар пайдаланушылардың жаңа буындарына бағытталған ақпараттық технологиялар мен қаржылық көрсетілетін қызметтердің түйіскен жерінде жұмыс істейді. Жылжымайтын мүлік және ритейл саласында портфелде халықтың өсуіне, логистикаға және сауда инфрақұрылымына бағытталған American Tower, Prologis және Simon Property Group компаниялары бар. Туризм және сенвистер сегментіне Airbnb, Travel + Leisure және Vail Resorts кіреді, олар ішкі туризмнің өсуінен және курорттық демалысқа деген қызығушылықтың артуынан пайда көреді.
Портфелдің күтілетін кірістілігін ескере отырып, 16% 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзім ішінде капитал 11 625 АҚШ долларына (≈6 млн теңге*) дейін, яғни бастау үшін жеткілікті сомаға дейін өсуі мүмкін.
Демек, Оңтүстік Қазақстан өзінің серпінді түрде дамып келе жатқан салалары мен мәдени дәстүрлерімен теориялық тәсілдерді жергілікті тұрғындардың практикалық қажеттіліктерімен ұштастыратын инвестициялық стратегияларды қалыптастыру үшін тамаша негіз. Бұл жағдай капиталдың өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ инвестициялық құралдарға деген сенімділік деңгейін арттырып, оларды кең аудиторияға қол жетімді және түсінікті етеді.
* Бағамды есептеу кезінде 12.05.2025 жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 516 теңге.
Freedom Finance Global PLC (AFSA-A-LA-2020-0019 лицензия, АХҚО шеңберінде AFSA бердң, www.ffin.global). Бағалы қағаздарға инвестициялау қашанда капиталды жоғалту тәуекелін тудырады. Тәуекелдер туралы толық ақпаратты компанияның сайтында қолжетімді Freedom Finance Global PLC Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентінің 4-қосымшасынан таба аласыз. Өткен нәтижелер болашақ табыстарға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта инвестициялардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді.
Бұл материал тек ақпараттық сипатқа ие және кез келген қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға инвестициялық ұсыным, ұсыныс немесе ынталандыру емес. Инвестициялар туралы барлық шешім өздігінен қабылданады және инвестор өз әрекеттері үшін толық жауап береді. Толық ақпарат алу үшін қаржылық консультантына жүгініңіз.