Шілдедегі қуаңшылық Қазақстанның 9 облысындағы егінге қауіп төндіруі мүмкін. Осындай алдын ала болжамды «Қазгидромет» синоптиктері жариялады.
Болжам бойынша, 2026 жылдың шілде айында мына өңірлерде орташа қуаңшылық күтіледі:
Павлодар облысы: Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандары;
Қарағанды облысы: Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандары;
Шығыс Қазақстан облысы: Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандары, сондай-ақ Шемонаиха мен Өскемен маңы;
Абай облысы: Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандары және Жаңа Семей ауданы;
Алматы облысы: Балқаш және Жамбыл аудандары;
Жетісу облысы: Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандары;
Жамбыл облысы: Қордай, Тұрар Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандары;
Түркістан облысы: Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандары;
Қызылорда облысы: Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.
Ал орташа ылғалды ауа райы Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында күтіледі.