Үйдің өзіндік құны 1 шаршы метрге көппәтерлі үйде 113.2 мың теңге, ал жер үйге 92.5 мың теңге.Салаға салынған инвестиция жылдың алғашқы төрт айында 381.9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 17.5% артық. Салынған үйлер саны бойынша көш басындағы өңірлер Нұр-Сұлтан қаласы 6 140, Маңғыстау облысы 2 615 және Алматы қаласы 2 322. Ең аз Шымкент (138), СҚО (214) және Павлодар облысы (326).
Оңтүстік пен батыста үй құрылысы азайды
Жыл басынан бергі төрт айда республика бойынша 3 млн шаршы метрден артық үй салынды. Бұл өткен жылғы төрт айдағыдан 10.1% аз.
Үй құрылысы ең қатты азайған өңірлер Шымкент (-84.9%), Атырау облысы (-45.4%), Түркістан облысы (-36.8%), Батыс Қазақстан облысы (-24.7%), Қызылорда облысы (-22.3%), Маңғыстау облысы (-18.8 %) және Ақмола облысы (-3%).
Ал құрылыс қарқын алған өңірлер Алматы облысы (+20%), Жамбыл облысы (+12%) облысы, ШҚО (+5.1%). Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тиісінше 3% және 2.6% өсім бар.
Салынған үйлердің 10 923-і жер үй болса, 223 көппәтерлі.