2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізіледі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, оңайлатылған декларация негізінде АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР (ШФҚ). Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық қана емес, сонымен қатар зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін төлеуін де реттейді.

ҚР Салық кодексінің 723-бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, жеке кәсіпкер және Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдануға құқылы.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды тиісті шарттарға сәйкес келетін төмендегі тұлғалар қолдануға құқылы:

  • күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тiң 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды;
  • жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің ҚР Үкіметі айқындаған тізбесіне енгізілмеген қызметті жүзеге асыратын тұлғалар.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:

  • МЗЖ – табыстың 10%
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, содан кейін жыл сайын өсіп, 2028 жылы 5%-ға дейін көтеріледі.

Айта кетсек, АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін де зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі белгілі болды. АСР-ды қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) алған табыстарынан өздері төлейді.

Сонымен қатар шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі хабарланды