Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін анықтады. Ең жоғары мөлшерлеме 2026 жылғы 1 шілдеге дейін бекітілді.

Желтоқсанның соңында қабылданып, 2026 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген қаулы, атап айтқанда, ипотека бойынша максималды мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы талаптың қолданысын тоқтатады. Осылайша, жылдың бірінші жартыжылдығына келесі ЖТСМ көрсеткіштері белгіленді:

  • Кепілсіз банктік несиелер бойынша – 46%;
  • Кепілді несиелер бойынша – 35%;
  • Микронесиелер бойынша – 46%;

45 АЕК-ке дейінгі 45 күнге дейінгі қысқа мерзімді микронесиелер бойынша – күніне 0,3%-дан аз, бірақ жылдық 179%-дан аспауы тиіс.

Нәтижесінде, қарыздар бойынша максималды ЖТСМ көрсеткіштері 2025 жылдың көктеміндегі деңгеймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Айта кетсек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шегін төмендету туралы норманың қолданысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған едік. 2025 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ең жоғары мөлшерлеме бұрын көзделгендей 20% емес, 25%-ды құрайды.