Freedom Broker сарапшылары наурыз айында теңге бағамы бір доллар үшін 504 теңгеге дейін әлсірейді деп болжады. Бұл туралы компанияның күнделікті шолуында айтылған.

«Жұма күні доллар айтарлықтай нығайды, бұл біздің жергілікті болжамдарымызға сәйкес келді. Бүгін теңге өз позициясының бір бөлігін қайтарып, бір доллар үшін 496,75 теңгеге дейін жетті. Наурыз айында USD/KZT бойынша доллар бағамы орташа есеппен 504 теңге мөлшерінде болады деп болжап отырмыз», – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Айта кетсек, Freedom Broker кезекті шолуында қазір доллар сатып алатын уақыт екенін мәлімдеген едіАҚШ долларының теңгеге шаққандағы қазіргі бағамы 2026 жылы тиімді бағаммен сатып алуға қолайлы сәтті күткендер үшін ең жақсы мүмкіндіктердің бірі болып отыр, дейді Компания доллар бағамы жылдық минимумға жақындап қалғанын еске салды.

Сонымен қатар компания жылдың екінші жартысынан бастап доллар қымбаттайтынын болжады.