Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ долларына шаққанда 440,49 теңгеге дейін 4,6% нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 415 млн АҚШ долларынан 474 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 10,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Қыркүйек айында биржа нарығында Ұлттық қордан 200 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылды. Оның үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 1,9%-ын немесе күніне шамамен 9,5 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлттық Банк қыркүйек айында Ұлттық қордан болжамды 200-300 млн АҚШ доллары көлемінде операцияларды теңестіруді жоспарлаған еді. Валюта нарығында ұсыныс көп болуына байланысты бұл операциялар кейінге қалдырылды. Оларды кейін іске асыру барысы нарықтағы ахуалға қарай шешіледі, дейді Ұлттық банк.
Алтын сатып алу ісін теңестіру операциялары аясында қыркүйек айында шамамен 374 млрд теңге айналымнан алынды. 2026 жылғы IV тоқсан бойы алтын сатып алуды теңестіру операциялары аясында 907 млрд теңгедей балама сомаға шетел валютасын сату көзделіп отыр.
Ұлттық Банк қыркүйек айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.
БЖЗҚ-ның инвестициялық басқарушысы ретінде Ұлттық Банк зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін қыркүйек айында биржадағы сауда-саттықта 986 млн АҚШ доллары көлемінде шетел валютасын сатып алды. Ол жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 9,4%-ын құрайды.