ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы отын-энергетика кешенінің қазіргі жай-күйі туралы баяндады.
Ол есепті кезеңде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 91,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1%-ды құрағанын атап өтті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру жоспары 96,2 млн тонна. 11 айда мұнай экспорты 73,4 млн тоннаны немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,1%-ды құрады.
«Атап өту қажет, мұнай экспорты осы жылғы 70,5 млн тонна жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізілді», — деді Сұңғат Есімханов.
Вице-министр сондай-ақ есепті кезеңде 62,8 млрд м3 газ немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,7% өндірілгенін хабарлады. 2025 жылы 62,8 млрд м3 көлемінде газ өндіру жоспары орындалды.
Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,8 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ды құрады. Ел аумағы арқылы өтетін газ транзитінің көлемі 64,5 млрд текше метр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ды құрады.
Сонымен қатар қаңтар-қараша айларында мұнай өнімдерінің өндірісі 14 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,5%-ды құрады. Энергетика вице-министрі мұнай өнімдерін өндірудің жоспарлы көлемі 14,5 млн тоннаны немесе 2024 жылғы фактіге 100%-ды құрайтынын атап өтті.
Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 567,6 мың тонна немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,2% болды. 2025 жылғы жоспар – 590 мың тонна немесе 2024 жылдың фактісіне 109,3%-ды құрайды.
«Есепті кезеңде 111,4 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4%. Осы жылдың жоспары – 117,9 млрд кВт/сағат. 11 айда жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру 7,3 млрд кВт/сағат немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,2%-ды құрады», — деп толықтырды Сұңғат Есімханов.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Ол өңірдегі есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 521,4 млрд теңгені құрағанын хабарлады
Мұнай-химия саласында жалпы құны 6,8 трлн теңгеге 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашумен 11 зəкірлі инвестициялық жоба жүзеге асуда.
Байланыс қызметінің көлемі 16,8 млрд теңгені, нақты көлем индексі 99,8%-ды құрады.
Сонымен қатар өңір экономикасының басқа салаларының тұрақты дамуына қол жеткізіліп отыр. Нақтылап айтсақ, келесідей негізгі 6 көрсеткіш бойынша өсім бар: Тау-кен өндіру өнеркəсібінде – 21,1%, өнеркəсіпте – 19,3%, көлік жəне қоймалауда – 16,2%, ауыл, орман жəне балық шаруашылығында – 7,4%, саудада – 6,7%, өңдеу өнеркəсібі – 2,8%.