Мұнай бағасы құлдырап, 80 долларға жақындады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге қол жеткізілгенін және АҚШ-тың бұл елге қарсы теңіз блокадасын тоқтататынын мәлімдегеннен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді.

Астана уақытымен 15 маусым күні сағат 12:30 да қара алтын құны 5,14% құлдырап, 82,83 доллар болды.

Ал бір аптада баға 12,22% арзандап отыр. Өткен дүйсенбіде мұнай бағасы 95 доллар айналасында болған.