Мемлекеттік қарыздың құрылымы қандай?

Мемлекеттік қарыздың құрылымы қандай?

Қаржы министрлігі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың жағдайы туралы есеп жариялады. 2025 жылдың 1 қазанында жалпы қарыз сомасы 37,94 трлн теңге немесе 69,14 млрд доллар болған. Бұл сома үш бөліктен тұрады: тікелей мемлекеттік қарыз, мемлекет кепілдік берген қарыз және мемлекет кепіл болған қарыздар.

Мемлекеттік қарыз (жергілікті атқарушы органдардың үкімет алдындағы өзара міндеттемелерін есептемегенде) 35,50 трлн теңге немесе 64,69 млрд доллар болды. Ал тікелей үкіметтің қарызы — 33,95 трлн теңге немесе 61,86 млрд доллар.

Сыртқы қарыз

Сыртқы қарыз үлесі — 8,73 трлн теңге (15,90 млрд доллар). Оның жартысы — 4,64 трлн теңге (8,46 млрд доллар) — еурооблигациялар үлесіне тиесілі.

  • 2,01 трлн теңге (3,66 млрд доллар) – Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынған қарыздар,  
  • 803,91 млрд теңге (1,46 млрд доллар) – Азия даму банкінің несиелері
  • 498,62 млрд теңге (908,58 млн доллар) – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қарыздары
  • 397,8 млрд теңге (764,4 млн доллар) – Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар.

Ішкі қарыз

Үкімет қарызының негізгі бөлігі — 25,22 трлн теңге (45,96 млрд доллар) ішкі қарыздарға тиесілі.

  • 20,95 трлн теңге (38,17 млрд доллар) – мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелер,
  • 1,91 трлн теңге (3,48 млрд доллар) – орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
  • 868,40 млрд теңге (1,58 млрд доллар) – қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
  • 803,39 млрд теңге (1,46 млрд доллар) – TONIA мөлшерлемесіне индекстелген міндеттемелер
  • 572,4 млрд теңге (1,04 млрд доллар) – мемлекеттік ұзақмерзімді жинақтық міндеттемелер.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

KASE деректері бойынша, 2025 жылдың тоғыз айында мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы нарығында негізгі сатып алушылар институционалдық инвесторлар болды — олардың үлесі 58,4%. Банк үлесі — 27,4%, басқа заңды тұлғалар — 13,8%, брокерлік-дилерлік ұйымдар — 0,5%, резидент еместердің үлесі — 2,9%.

Екінші нарықта үлестер мынадай:

  • басқа заңды тұлғалар — 45,8%,
  • банктер — 41,4%,
  • бейрезиденттер — 23,0%,
  • институционалдық инвесторлар — 6,6%,
  • брокерлік-дилерлік ұйымдар — 4,3%.

Жергілікті және кепілдік берілген қарыздар

Жергілікті атқарушы органдардың қарызы — 2,54 трлн теңге (4,63 млрд доллар).

Мемлекет кепілдік берген қарыз — 2,42 трлн теңге (4,41 млрд доллар), оның ішінде:

  • сыртқы қарыз — 1,74 трлн теңге (3,18 млрд доллар),
  • ішкі қарыз — 676,32 млрд теңге (1,23 млрд доллар).

Мемлекет кепіл болған қарыз көлемі — 20,60 млрд теңге (37,55 млн доллар), оның барлығы ішкі қарыз үлесіне тиесілі.

Қарызды өтеу және қызмет көрсету

Қаржы министрлігінің дерегінше, тоғыз айда қарызды өтеуге жұмсалған шығындар 3,60 трлн теңге, ал қарызды өтеуге қызмет көрсетуге кеткен шығын 2,28 трлн теңге болған.