Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
12 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, ұйымдастыру және өткізу тапсырылды. Ал Үкімет пен өңір әкімдіктері сайлаудың ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілуіне жауапты болады.