Қазақстанның мал шаруашылығы биыл 11 айда 3,3 трлн теңгенің өнімін шығарды, бұл былтырғыдан 3,5% көп.
Елдің осы саладағы ең ірі екі өңір — Алматы мен Түркістан облыстары биыл айтарлықтай өсім көрсетті.
Саладағы үлесі орташа деңгейдегі өңірлерден Абай, ШҚО мен СҚО қарқыны жақсы, ал Ақмола, Қарағанды, Жетісу, Ақтөбе, БҚО облыстары орташа өскен, республика деңгейімен шамалас. Мал шаруашылығы орташа дамыған өңірлер ішінде Қостанай облысы биыл минусқа кетіп отыр, Павлодар облысы болмашы ғана өскен.
Мегаполис болса да мал шаруашылығынан 334 млрд теңгенің өнімін өндірген Алматы қаласы тіпті 32% шарықтап отыр.
Мал шаруашылығы дамымаған Ұлытау, Қызылорда мен Ақтөбеден басқа бастыстағы үш облыстың ішінде Атырауда сала жақсы серпін көрсетті.
