Магистратура бітіргендердердің жалақысы 1,5 есе көп

2026 жылы Қазақстанда жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар азаматтардың орташа айлық жалақысы 802,9 мың теңгені құрады. Бұл орта білімді азаматтардың жалақысынан 2,6 есе, ал жоғары білімі бар адамдардың табысынан 1,5 есе көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Статистикаға сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (магистратура) азаматтардың орташа айлық атаулы жалақысы 802,9 мың теңге болса, жоғары білімі бар (бакалавр) адамдарда бұл көрсеткіш 523,2 мың теңгені, ал орта білімі бар (аттестат) азаматтарда 311,2 мың теңгені құрады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар ерлердің орташа айлық жалақысы 961,1 мың теңгеге жетті. Жоғары білімі бар ерлер 616 мың теңге, ал орта білімі бар ерлер 371 мың теңге жалақы алады.

Әйелдер арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардың орташа айлық жалақысы 657,9 мың теңгені құрады. Жоғары білімі бар әйелдердің жалақысы 454,1 мың теңге, ал орта білімі бар әйелдердікі 235,7 мың теңге болды.

Осылайша, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар ерлердің орташа айлық жалақысы әйелдердікінен 46% жоғары.