Ұлттық Банк ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысы өткенін хабарлады. Басқосуда ҚҰБ 2025-2027 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжам туралы есеп тыңдалды, БЖЗҚ мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару, сондай-ақ финтех жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. 

Цифрлық активтерді дамыту жобалары мен реттеуші құмсалғыш жұмысының аясында келіп түскен өтінімдерді ескере отырып, үш бағыт бойынша үш пилоттық жоба мақұлданды: цифрлық активтер арқылы QR төлемдерін ұйымдастыру, Ұлттық банктің тазартылған алтынын токендеу, цифрлық активтермен транзакцияларға қызмет көрсету үшін теңгедегі стейблкоинді шығару және айналымға енгізу  жөніндегі жобалар.

Басқарма отырысында сондай-ақ 2026 жылы ҚҰБ коллекциялық монеталардың дизайнын бекіту және айналымға шығару бойынша негізгі параметрлерін  мақұлдады.

Артық заңнамалық реттеуді қысқарту және бюрократиялық рәсімдерді оңтайландыру мақсатында Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілік мәселелері бойынша актілерді біріктіру жүзеге асырылды.

Айта кетсек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда стейблкойндар, яғни криптовалюта мен олармен жұмыс істеу платформаларының тізімі дайындалып жатқанын хабарлаған еді. Бірақ ол криптовалютаны төлем жасау үшін пайдалануға тыйым салынатынын, бірақ инвестиция ретінде қолдануға рұқсат берілетінін мәлімдеген болатын.