Компанияларға банктен ақша шешуге шектеу енгізілді

ҚР Ұлттық банкі заңды тұлғалардың банктік есепшоттарынан қолма-қол ақша алуына шектеу енгізді.   Бұл өзгеріс «Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының қаулысында айтылады. Сонымен, бір ай ішінде 1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлері  – 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден; 2) орта кәсiпкерлiк субъектiлері – 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңгеден; 3) ірі кәсiпкерлiк субъектiсi – 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңгеден аспайтын көлемде қаржыны банктен қолма-қол шешіп ала алады. Бұдан артық сома банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілмейді. Алайда, бұл қаулының төмендегі санаттарға қатысы жоқ: 1) микрокәсiпкерлiк субъектiлерi; 2) ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалар; 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайтыны айқындалсын.