2025 жылғы 28 қарашада Smart Point Almaty А-Студио конференц-залында сағат 15:00-де коллекторлық қызметтер нарығы үшін аса маңызды талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде қосылған құн салығын қосымша есептеу тақырыбына арналған ашық дөңгелек үстел өтеді. Оған экономистер, салық салу саласының сарапшылары және кәсіпкерлер қатысады.
Кездесудің ұйымдастырушысы – Қазақстан коллекторлары қауымдастығы жаңа салықтық бастаманың ықтимал салдарына байланысты елеулі алаңдаушылық білдіруде.
2022-2024 жылдар аралығындағы кезеңде коллекторлық агенттіктерге ҚҚС қосымша есептеу мәселесінің тар бағыттылығына қарамастан, бұл тақырып кәсіби пікірталас шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Салық органдары тарапынан осы жаңа талап қалыпқа келтірілген жағдайда, қазақстандық қаржы жүйесін өзін-өзі реттеудің қалыптасқан тетігінің жұмысы бұзылуы мүмкін. Соның нәтижесінде бүгін қаржылық тұрғыда тұрақты болып отырған кәсіпорындар ғана емес, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» сияқты әртүрлі берешектерді қайта құрылымдау бағдарламаларына қатысып жүрген қазақстандықтар да қиын жағдайға тап болуы ықтимал.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің (ҚҚС қолдану қажеттілігі жөніндегі ұстанымды ұсынатын мемлекеттік орган) және ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері қатысады; коллекторлық қызмет нарығының қатысушылары: «Эксперт Плюс» ЖШС бас директоры Асхат Усманов; «М.Б.А. Финансы» ЖШС бас директоры Батыржан Ахметов; «ФА Альянс Финанс Коллекторлық агенттігі» ЖШС басқарушы директоры Игорь Панфилов; «Борыштарды өндіріп алу департаменті «Коллекторлық агенттігі» ЖШС қаржы директоры Жанна Қасым; сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан коллекторлары қауымдастығының тәуелсіз сарапшылары қатысады.
Талқылауға ұсынылатын негізгі мәселелерге нарық қатысушылары мен қарапайым қазақстандықтар үшін әлеуетті қаржылық тәуекелдер, МКД-ның қағидаттық ұстанымы мен әлемдік тәжірибе, сондай-ақ талап құқығын беруге қатысты келісімшарттар бойынша ҚҚС төлеу тәжірибесін енгізуге қарсы пікір білдірген нарық өкілдерінің логикасы кіретін болады.
Дөңгелек үстел аясында БАҚ өкілдері реттеуші органдар мен нарық қатысушыларының өздерінен тікелей пікір алу мүмкіндігіне ие болады.
Талқыланатын тақырыптың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, дөңгелек үстел материалдары мен БАҚ-тағы жарияланымдар қоғамды осы мәселеге қатыстырудың, «жақтау» және «қарсы» аргументтерін түсіндірудің және осы мәселе бойынша нақты ұстанымды қалыптастырудың маңызды элементтеріне айналады.
Айта кетсек, «Қазақстанның коллекторлар қауымдастығы» одағының төрағасы Омар Мәулен Асқарұлы МКК-мен салық салуға қатысты кейбір мәселелерде қауымдастық ойы бір жерден шықпайтынын айтқан еді. МКК-нің пікірінше, коллекторларда ЕДБ мен МҚҰ қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алған кезде өндіріп алу мен сатып алу құнына қарасты сома арасындағы айырмашылыққа ҚҚС туындайды. Осыған байланысты салық органдары коллекторлық агенттіктерге ҚҚС бойынша айналымды төмендету туралы хабарламаларды жіберген. Ал коллекторлар қауымдастығы мұндай салық салу айналымына ҚҚС төлеуге негіз жоқ деп санайды.
Қатысу үшін 26 қараша күнгі сағат 17:00-ге дейін алдын ала аккредитация қажет. Аккредитациядан өту үшін қатысушының толық аты-жөні, ұйымның атауы және лауазымы секілді ақпаратты info-akk@kzcollection.kz мекенжайына жіберу керек.