Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасы орынбасарының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № Б-13 бұйрығына сәйкес «KMF Банк» АҚ-на бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 3.3.49 лицензия берілді.
Айта кетсек, 2024 жылғы 26 тамызда KMF микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру, жарғы мен болашақ банктің бизнес-жоспарының жаңа редакциясын бекіту туралы шешім қабылдады.
2025 жылғы наурызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «KMF» микроқаржы ұйымы» АҚ өз еркімен қайта ұйымдастырылып, екінші деңгейлі банкке айналуына рұқсат берді. Ал тамыз айында клиенттерге банк қызметтерін ұсынуға дайындалып жатқаны хабарланды.
2025 жылғы 6 тамызда KMF микрокаржылық ұйымы қайта тіркеуден өтіп, KMF Банк акционерлік қоғамы болып өзгерді.
Сол жылы 12 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF МҚҰ» акционерлік қоғамына банк қызметін жүзеге асыруға лицензия берді. Жаңа банктің ресми атауы – «KMF Банк» АҚ, орыс тілінде – АО «KMF Банк», ағылшын тілінде – JSC KMF Bank.
Жаңа KMF Банкінің таза пайдасы 21,9% азайды. 2025 жылдың алғашқы алты айында банк 4,7 млрд теңге тапса, 2024 жылдың дәл осы кезеңінде 6 млрд теңге пайда көрген.