Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов киік етінің өтпей жатқанын айтты.
Оның айтуынша, қазір киік етіне сұраныс өте төмен. Өңдеу кәсіпорындарының қоймаларында өнімнің шамадан тыс жиналып қалуы байқалады.
«Экология министрлігі, Сауда министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге өткізу нарықтарын кеңейту бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді вице-министр.