Қазақстандықтар ақша жинау үшін депозит ашу барысында нені басшылыққа алатындығы, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы хабардарлық деңгейін анықтау үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) бірлесіп, сауалнама жүргізді.
2021 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында 14 банктің сайттарында барлық ниет білдірушілерге онлайн-сауалнамаға қатысуға мүмкіндік берілді. Биыл сауалнамаға еліміздің 128 қаласы және басқа да елдімекендерден барлығы 2 773 адам қатысты. Қатысушылардың жас деңгейі 16 жастан 79 жас аралығында болды.
Сауалнама деректері:
[1] жеке тұлғалардың ұлттық және шетел валютасындағы депозиттерінің жалпы көлемінен, оның ішінде талап етілмелі депозиттер, ағымдағы шоттардағы қалдықтар және сыйақысы мемлекет тарапынан қаражаттандырылатын депозиттер
- жауап берушілердің 92%-ы депозит ашатындықтарын білдірген, оның ішінде 19%-ы сыйақысы жоғары, мерзімінен бұрын алуға болмайтын жинақ салымдарды ашқанды қалайды, ал 73%-ы сыйақысы төмен, бірақ кез келген уақытта үстінен ақша салуға және ақша алуға болатын депозит ашуды жөн санайды;
- жауап берушілердің 6%-ы артық ақшаға валюта сатып алады;
- жауап берушілердің 2%-ы ақша жинамайды немесе оларды карточкаларында қалдырады.
- «ыңғайлы мобильді банкинг»;
- «банктің беделі»;
- «рейтингтік агенттіктердің бағалары».
[1] жеке тұлғалардың ұлттық және шетел валютасындағы депозиттерінің жалпы көлемінен, оның ішінде талап етілмелі депозиттер, ағымдағы шоттардағы қалдықтар және сыйақысы мемлекет тарапынан қаражаттандырылатын депозиттер